ҚазИТУ колледжі - Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің құрылымдық бөлімі, алған лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүргізеді. Жалпы лицензияның қызмет ету мерзімі шектелмеген. ҚазИТУ колледжі құрылғалы бері, білім беру техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы негізінде 19 мамандық бойынша жүргізіліп келеді. Сабақтар мемлекеттік тілде және орыс тілінде өткізіледі. Оқыту формасы: күндізгі және сырттай оқытылады. Филалдары жоқ.

Оқу әдістемелік жұмыстарының барлық түрлері пән циклдық комиссия арқылы ұйымдастырылады. ПЦК оқытушылары және колледж қызметкерлері мамандықтар бойынша жұмыстарын білім берудің жалпыға міндетті стандартына сай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырады.

Колледжде барлық мамандықтар білім беру және оқыту формасы мемлекеттік тапсырыс және ақылы бөлімді келісім шартпен жүзеге асырылады. Білім алушыларды колледжге Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім беру оқу орындарына қабылдаудың талаптарына сәйкес және жыл сайынғы қабылдау комиссиясының жұмысы басталар алдындағы үлгілік ережелеріне негізделген университет ректоры бекіткен қабылдау ережесіне сәйкес жасалады.

Оқытушылардың сапалық құрамы, оның талдамасы жалпы саны бойынша жоғары және бірінші санатты ғылыми дәрежесіндегі рһД - 3 оқытушы, 4 ғылым кандидаты, 22 оқытушы магистр дәрежесінде. Жалпы оқытушылар құрамын 72 % ғылыми дәрежесі мен атақтары және магистр дәрежесі бар оқытушылар құрайды. Барлық оқытушылардық базалық білімі бар. Оқытушылардың орташа жас мөлшері 38,4 жасты құрайды.

Оқу адиториялары, лабораториялар және қосымша орындар түгелдей жабдықталған, барлық санитарлық нормаларға сәйкес. Сабақ бір ауысымда өткізіледі. Лабораториялар мен кабинеттерде тақарыптық бағыттары бар:пән бойынша плакаттар, стендтермен безендірілген, барлық компьютерлер ортақ локальдық желімен ғаламторға қосылған.

Замануи және ғылыми әдістемелік әдебиттермен түгелдей қамтамасыз етілген. Кітапхана осы оқу корпусында орналасқан. Оқу әдістемелік жыл сайын оқытушылардың шығарған құралдарымен өз қорын толықтырып отырады. Кітапхана қорының толықтыруына жіті көңіл бөлінеді.Сонымен қатар, жалпы ҚҒЗИ бақша-жүзім шаруашылығы және Қазақ ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ, генетика және цитология институтыныңғылыми кітапханалары мен қаладағы басқа да кітапханалармен тығыз байланыс орнатылған. Жыл сайын мерзімдік басылымдарға (газет - журналдарға, ғылыми саланың және арнайы әдебиеттеріне т.б) жазылу жүргізіледі. Электрондық оқулықтар, арнаулы пәндер бойынша оқу құралдарын қолдану жұмыстары жүргізіледі.

Зертханада сабақты тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін қажетті оқу-ғылыми қондырғылары бар. Әсіресе арнаулы пәндер бойынша сабақтың бөлімі: нан пісіру технологиясы, астық өңдеу өнеркәсібінің Алматы филиалы ЖШС ҚҒЗИ-ның зертханаларында өткізіледі. ҚҒЗИ бақша-жүзім шаруашылығындағы өнімдерді сақтау және өңдеу зертханаларында шығармашылық-ынтымақтастық туралы келісім шарт жүргізіледі.

Колледжде оқитын студенттердің білім сапасын анықтайтын ішкі бақылау жүйесі бар. Колледжішілік бақылаудың міндеті қызығушылық пен сенім жағдайларын қалыптастыру, оқытушылар мен оқушылардың арасында бірігіп істейтін шығармашылық жұмыстар, аудиториялық, сабақтан тыс үйірме жұмыстарын, қосымша және жеке айналысу жұмыстарынының бірлігін қамтамасыз ету.

Колледжішілік бақылаудың бірнеше түрі жұмыс істейді:

  • Жеке;
  • Ағымдағы;
  • Аралық;
  • Қорытынды.

Колледжде жеке бақылауға көп көңіл бөлінген. Оқу жылы барысында кабинеттердің санитарлық жағдайы қауіпсіздік техникасы бойынша журнал арналады, техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждардың уақытылы өткізілуі үнемі тексеріледі. Әкімшілік оқу бөлімі, топ жетекшілері ҚР-ның Білім туралы заңы бойынша сабаққа қатысуға байланысты әрдайым жұмыстар жүргізеді. Оқушылардың сабаққа қатысуы топ жетекшілерінің қатаң қадағалауында болады, әр оқушымен жеке жұмыстар жүргізіледі. Олармен үнемі жеке жұмыстар: өзара әңгімелесу, ата-аналары шақырылады, туындаған жағдайлар кезінде тәртіптік комиссияда қаралады.

Оқытушылар құрамы