Главная Новости «JAS TURIST»
12 апрель, 2019                  194307
«JAS TURIST»
2019 жыл 10 сәуірде еліміздің тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған «Jas Turist» 1- қалалық байқауда Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінің «Туризм» 1-курс мамандығының студенттері өз бақтарын сынап көрді. Жобаға жетекшілік жасаған Тұтқышбаева Толғанай Жангелдіқызы Наурызбай ауданы бойынша зерттеу жүргізді. Барлық қалалық колледждер қатысқан байқау «Алматы –Алатаудың жүрегі ғой », «Туған қалаға саяхат» атты 2 турдан тұрды.

Алматы қаласының тарихын және туристік нысандарын тереңнен тану ішкі және сыртқы туризмді дамыту мақсатында Алматы қаласындағы арнаулы және орта оқу орындарының студенттері арасында өткен «JAS TURIST» атты байқауға белсенді ат салысқаны үшін Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінің қатысушылары алғыс хатпен марапатталды.