Главная Новости ҚазИТУ-да Алматы қаласы әкімінің симфониялық оркестрінің концерті өтті
23 апрель, 2019                  180422
ҚазИТУ-да Алматы қаласы әкімінің симфониялық оркестрінің концерті өтті
Қазақстан инженерлік -технологиялық университетінде Алматы қаласы әкімінің симфониялық оркестрінің концерті өтті. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған концертті ҚазИТУ оқытушы- профессорлар құрамы, студенттер, оқушылар мен ата-аналар тамашалады.

Симфониялық оркестрге ҚР Халық әртісі, дирижер, маэстро Мұрат Серкебаев жетекшілік етті.

Бұл концертті жиналған көрермендер музыканы ыждағаттықпен тыңдай білгені соншалық, концерт аяқтала салысымен ұзақ уақыт шапалақ соғып, өнепаздарға ыстық ықылыстарын білдірді. Кеште орындалған П.И.Чайковский, Н.Римский және де Л.Бетховен сынды әлемге әйгілі композиторлардың шығармалары көпшіліккке кереметтей әсер сыйлады. Музыкалық өнері мен орындаушылық дәстүрін жоғары кәсіби деңгейде көрсетіп, автордың бүлінбеген таза түпнұсқалық терең ойын көрерменге жеткізіп, орындау шеберліктің шыңына және жоғары дыбыс сапасын көрерменге көрсетті.

Жұртшылық симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Мұрат Серкебаевтың еңбегі орасан зор деп бағалап, оған ерекше алғыс білдірді.

Симфониялық оркестрдің классикалық әуендерімен сусындаған көрермен Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының солисттерінің орындауындағы опералық туындалырды тыңдап, орындаушылардың шеберлігіне таңдай қақты.

Концерт соңында оқу ордамыздың ректоры міндетін атқарушы Г.Сарсенбекова керемет концерт үшін Симфониялық оркестр ұжымы мен солисттерге зор алғысын білдіріп, алғыс хат пен ықылас гүлін табыс етті.

ҚазИТУ ұжымы атынан Алматы қаласы Симфониялық оркестрінің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз! Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін!