Главная Студентам Студенческие новости ҚазИТУ колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында волейболдан ашық біріншілік өтті.
21 декабря, 2018 г.                  271183
ҚазИТУ колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында волейболдан ашық біріншілік өтті.
2018 жылдың 14 желтоқсанында ҚазИТУ колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бәсекелестікке қабілетті маман даярлау, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ұйымдастырылған волейболдан ашық біріншілік болып өтті.

Сайысқа колледждің 1, 2 курстарынан құралған 8 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша төмендегідей нәтижелер көрсетті.

«Жастар» құрама командасы - 1 орын және кубок иегері атанды.
«Жолбарыс» құрама командасы – 2 орын
«Хақназар» құрама командасы - 3 орынға ие болды

«Үздік ойыншылар» номинациясы бойынша Бахыт Дамир, Әмір Азат, Серікбай Жасмина, Смадияр Абай, Олжабай Бахтияр, Мүсілім Назерке;
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінің әкімшілігі жеңімпаздарға ізгі лебізін білдірді.

Құттықтаймыз!!!