Главная Студентам Студенческие новости ҚазИТУ колледжінің студенттері экскурсияға барды
20 декабря, 2018 г.                  271332
ҚазИТУ колледжінің студенттері экскурсияға барды
Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінің 1218000 -«Тамақ өнімдерінің өндірісі» және 122600-«Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандықтарының 2-3курс студенттері кезекті экскурсияға №1 сыра зауытына барды.

Қазақстандағы ең заманауи және жоғары технологиялық «№1 Бірінші сыра зауытына» Алматы обл., Іле ауданы, Ащыбұлақ селолық округы, Мұхаметжан Түймебаев ауылында орналасқан.

Экскурсия барысында зауыт ардагері Оразәлі Әйтімұлы еліміздегі бірінші сыра зауытының құрылуындағы ең қызықты тарихи фактілермен бөлісті. Зауыттың тарихы 19 ғасырдың ортасында қазіргі Алматы аумағында орналасқан Верный бекінісінде басталған. 1858 жылы бірінші гильдияның орыс көпесі Василий Кузнецов №1 сыра зауытының құрылысын бастайды. Осылайша Қазақстанның сыра қайнату саласының негізін қаланған екен.

Экскурсия барысында студенттер:
• зауыттың тарихын біліп, басқа да қызықты фактілерді естіді;
• сыра жасау технологиясын өз көздерімен көрді;
• компанияның ең үздік өнімдерімен таныс болды;
• шикізатты дайындаудан бастап дайын өнім алғанға дейінгі сыра өндіру процесін өз көзімен көруге мүмкіндік алды;
• студенттер жаңа технологиялық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен танысып, өздерінің болашақ технолог мамандығына қатысты деректермен хабардар болды.

Кәсіпорын болашақта ҚазИТУдың әлеуметтік серіктесі болып, студенттердің тәжірибе базасына айналуына тілектестік ұсыныс білдірілді.
Экскурсияны ұйымдастырған арнайы пәндер оқытушылары Мыржиева Асем Бекболатовна және Құрманаева Арайлым Жұмаділдақызына колледж әкімшілігі және студенттер атынан алғыс білдіреміз!