Главная Студентам Студенческие новости ҚазИТУ-да Тұңғыш президент күні қарсаңында волейболдан турнир өтті.
30 ноября, 2018г.                  191605
ҚазИТУ-да Тұңғыш президент күні қарсаңында волейболдан турнир өтті.
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында спорттық ойындарды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында волейболдан «Ректор кубогы» сарапқа салынды.

Жастар Ұйымдары комитетінің спорттық секциясының ұйымдастыруымен өткен мерекелік турнирге 1-4 курс студенттерінен құралған 6 команда қатысты.

Шара барысында университет проректоры Г. А. Сарсенбекова студенттерді мерекемен құттықтап, турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

Турнир қатысушылары өз шеберлігін, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Спорт залында жанкүйерлер шапалақ ұрып қатысушыларға демеу көрсетіп отырды. Барлық қатысушылар ойыннан күш-қуат ала білді.

Тартысты ойында кубок иегерлері болып волейболдан жасөспірімдер арасындағы күзгі ҚР чемпионатының чемпионы, Туризм мамандығының 3- курс студенті Доскен Нұрсұлтан капитаны болған «ҚазИТУ жастары» командасы , 2-орын ҚазИТУ колледжінің «Жалынды жастар» командасы капитаны волейболдан ҚазИТУ құрамасының үздік ойыншысы Нұрғазы Айдос, 3-орын ВТАиТ кафедрасының 3-курс студенттерінен құралған «Малыш» командасы капитаны РЭТ мамандығының 3-курс студенті Қайдаров Ер-Асыл иеленді. Сондай-ақ белсенді қатысқаны үшін 1-курс студенттерінің «Successful», 2-курстан «Бөрлі байрақ», ҚазИТУ колледжінің «Қыран» командалары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Турнирдің үздік ойыншылары Акимова Адисям, Нұрғазиев Айдос, Доскен Нұрсұлтан, Дюсембинова Айгүл атанды.

Жеңімпаз атанған командаларды құттықтаймыз!

Студенттік баспасөз қызметі