Главная Студентам Студенческие новости «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті.
14 декабря, 2018 г.                  261014
«Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті.
2018 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінде «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті. Кездесу барысында, Бостандық АІІБ ЖПҚ ЮПБ полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы қазіргі таңдағы қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеуіне жұмыс жасалынып жатқанын айтып жеткізді. Бүгінгі таңда өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғандығы жайлы және тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескертіп, бұл аса өткір мәселе екендігін түсіндірді. Студенттер тарапынан, шақырылған қонаққа, тақырыпқа байланысты сұрақ қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.